Алмасадам Сәтқалиев ОПЕК+ тобының төрағасы және тең төрағасымен кездесу өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін Астанада Қазақстанның Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев ОПЕК+ тобының төрағасы Сауд Арабиясы Корольдігінің Энергетика министрі Оның Корольдік мәртебесі Абдулазиз Бин Салман бин Абдулазиз Аль Саудпен телефон арқылы және тең төраға Ресей Федерациясы Премьер-Министрінің орынбасары мәртебелі Александр Новакпен жеке түрде үшжақты кездесу өткізді.
Кездесуге қатысушылар әлемдік мұнай нарығында тұрақтылық пен тепе-теңдікті сақтаудың маңыздылығын және ОПЕК+ тобындағы маңызды рөлді атап өтті.
Қазақстан ОПЕК+ келісіміне, өндіруді ерікті түрде қысқартуға және ОПЕК хатшылығына ұсынылған жаңартылған өтемақы жоспарына сәйкес артық өндірісті өтеуге өзінің бейілділігін растады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/891650


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version