Астана қаласының М.Мақатев атындағы №74 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушылары ақылды робот құрастырып шығарды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Оқушылардың айтуынша, оқушылардың оқу үлгерімін жақсартуға өздері құрастырып шығарған робот ерекше мотивация беретін көрінеді. Сондай-ақ, өзара байланыс ретінде пайдаланудағы тиімділігі де байқалды. Бұл роботқа қызығушылық танытатындар да бар.
«Қазіргі уақытта Темірбек еліміздің басқа қалаларындағы оқу орындарында балалармен кездесіп жүр», – дейді информатика пәнінің ұстазы Айдана Оңғарбекқызы.
Робот сөйлей алады, сұрақтарға жауап бере алады. Оқушылар енді оны жүргізудің жолын ойластырып отыр.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/891200

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау