Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жаңа Су кодексінің жобасы су тасқыны мен құрғақшылықты басқару саясатын қайта қарауға бағытталған түзетулер жиынтығымен толықтырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес жаңа Су кодексінің жобасы су тасқыны мен құрғақшылықты басқару саясатын қайта қарауға бағытталған түзетулер жиынтығымен толықтырылды.
Атап айтқанда, барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың жауапкершілігі мен өкілеттіктері айқындалды. Мысалы, судың зиянды әсерінің алдын алуға, оның ішінде жерүсті су объектілерін қалпына келтіруге және су тасқынынан қорғаудың инженерлік жүйелерін құруға бағытталған нормалар енгізілді.
«Су ресурстарын қорғау және пайдалану саласындағы қоғамдық бақылауға айрықша көңіл бөлінді. Жаңа заңнамаға сәйкес бассейндік су инспекциялары мемлекеттік бақылаудың жаңа түрі – тергеумен қамтамасыз етіледі, бұл тетік су ресурстарын қорғауға, олардың заңсыз пайдаланылуына жол бермеуге, қойылатын талаптарды күшейтеді және судың «қара нарығына» қарсы күрестің негізгі құралдарының біріне айналады», – деді министр Нұржан Нұржігітов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/892128


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version