Ақпараттық хабарлама

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Азаматтардың банктік аударымдарына қосылған құн салығына салық салу туралы ақпараттың таралуына байланысты ҚР Ұлттық экономика министрлігі мынаны хабарлайды:
Яғни, банктер өз қызметтері үшін клиенттерден алатын комиссияларға салық салу (ҚҚС) жөнінде айтып отырмыз. Мысалы, картаны шығару үшін немесе аударымдар үшін банк алатын комиссиялар.
Жаңа Салық кодексінің жобасында екінші деңгейдегі банктердің қаржылық операцияларына қолданыстағы жеңілдікті жою жөніндегі норма ұсынылады.
Азаматтар жүзеге асыратын аударымдардың өзіне салық салынбайды.
Егер бір банктің ішіндегі ақша аударымдары комиссиясыз жүзеге асырылса, тиісінше мұндай жағдайларда салық салынбайды.
Жаңа Салық кодексінің жобасы талқылау сатысында тұрғандығын еске сала кетейік.
Ұсынылған нормалар Парламентте, бизнес-қоғамдастықпен және жұртшылықпен талқылануда.
Кодекстің соңғы жобасы 2025 жылы қабылданады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/893694


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version