Қорғаныс министрлігі әскерге шақыру және мерзімді әскери қызметшілерді запасқа шығару мәселелеріне қатысты бірқатар нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірледі.
ҚР Президентінің «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2025 жылғы наурыз – маусым және қыркүйек – желтоқсанда кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» Жарлығы; «Қазақстан Республикасы Президентінің белгіленген әскери қызмет мерзімін өткерген мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді запасқа шығару және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2025 жылғы наурыз – маусым және қыркүйек – желтоқсанда кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы» және «Әскери қызметтің белгіленген мерзімін өткерген мерзімді әскери қызмет және Қазақстан Республикасының азаматтарын 2025 жылғы наурыз – маусым және қыркүйек – желтоқсан айларында мерзімді әскери қызметке кезекті шақыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің әскери қызметшілерді запасқа шығару туралы» Жарлығын іске асыру туралы» Үкімет қаулысының жобасы» қаралуға жатады.
Президенттің Жарлығы «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» 2005 жылғы 7 қаңтардағы ҚР Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына және «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы ҚР Заңының 31-бабына сәйкес әзірленді.
Нормативтік құқықтық актілер Қарулы Күштердің, Ішкі істер, Төтенше жағдайлар министрліктерінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің жеке құрамын жасақтауды қамтамасыз ету мақсатында қабылданады.
Жобада жергілікті атқарушы органдардың және уәкілетті мемлекеттік органдардың әскерге шақыруды және мерзімді әскери қызмет әскери қызметшілерін запасқа шығаруды ұйымдастыру жөніндегі шараларды жүзеге асыруы көзделеді.
Президент Жарлығы мен Үкімет қаулыларының жобаларының толық мәтіндерімен «Электрондық үкімет» порталында осы жылдың 13 желтоқсанына дейін «Ашық НҚА» бөлімінде мына https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15319525; https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15319534; https://legalacts.egov.kz/npa/view?id=15319544 сілтемелер бойынша танысуға болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/894586

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау