ҚР Тәуелсіздігі күні қарсаңында елордадағы Байқоңыр ауданы зейнеткерлерінің арасында «Қарттарым – асыл қазынам» атты шахматтан турнир өтті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
Жарысқа 60 жастан асқан 30-ға жуық зейнеткер қатысты. Айналма жүйесімен өткен турнир 3 күнге созылды. Нәтижесінде, белсенді қариялардың арасынан шахмат үздіктері анықталды.
Ерлер арасында:
1-орын – Ілияс Калин;
1-орын – Асқар Отарғалиев;
2-орын – Шакирбек Тыштыбаев;
3-орын – Бахытбек Байтеміров.
Әйелдер арасында:
1-орын – Райхан Калелова;
2-орын – Қорлан Атушова;
3-орын – Батима Түсіпова.
Жеңімпаздарға арнайы медальдар мен кубок және бағалы сыйлықтар табысталды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/894281

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау