Ақмола облысы құс етінің өндірісі бойынша үздік орнын сақтап келеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жалпы республикалық көлемдегі үлесі 30%, ал тауық жұмыртқасы бойынша – 16%. Биыл 5 сүт фермасы іске қосылады. Енді тауарлы сүт өндірісі жылына 30 мың тоннаға немесе 1,4 есе артады. Келесі жылы тағы екі ферма іске қосылады.
«Биыл жемшөп дақылдары үшін егістік алқаптарын кеңейттік. Нәтижесінде малға жеткілікті жемшөп дайындалды. Өңдеу саласында да оң серпін байқалады. Осы бағытта өңірде 67 кәсіпорын жұмыс істейді. Олар 10 ай ішінде 208 млрд теңгеден астам сомаға азық-түлік өндіріп, өткен жылғы деңгейге қарағанда 5%-дан асып отыр. Бұл ретте өңделген сүт, ірімшік пен сүзбе, өсімдік майы мен ұн өндірісі айтарлықтай артты», – деді Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжанов ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында.
@ortcom_kz #CCS

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/895028


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version