Отырыста ҚР Әділет вице-министрі Б.Ш. Жақселекова Адам құқықтарының сақталуын бағалаудың ұлттық индикаторларын кезең-кезеңімен енгізу мақсатында БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасының адам құқықтары жөніндегі индикаторларын ТДМ индикаторларымен ұштастыруды қамтамасыз ету мәселесі бойынша баяндама жасады.
Сондай-ақ, БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Жоғарғы Комиссары Басқармасы әзірлеген 16 адам құқығының иллюстрациялық жаһандық индикаторларын бейімдеу және енгізу жөніндегі жұмыс туралы хабардар етті.
Халықаралық тәжірибеге сәйкес көрсеткіштерді іріктеу елдің ұлттық басымдықтарын ескере отырып жүргізіледі.
Индикаторлар Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні; Экономикалық, мәдени және әлеуметтік құқықтар туралы халықаралық пактіні; Әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық нысандарын жою туралы конвенцияны; Азаптауға қарсы БҰҰ конвенциясын және адам құқықтары жөніндегі басқа да халықаралық шарттарды қорғау кезінде статистикалық деректерді ұсынуға мүмкіндік береді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet/press/news/details/912053
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау