Абай облысы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2024-2025 оқу жылының басында Абай олысы 32 дербес техникалық және кәсіптік білім беру ұйымы (бұдан әрі-ТжКБ).

Оқушылардың жалпы саны 21 452 мың адамды құрады, оның ішінде 10 537 мың адам немесе 49,1% – әйелдер. 2023-2024 оқу жылымен салыстырғанда оқушылар саны 2,1% азайды .

Білім алушылардың жалпы санының 65,9% негізгі орта білім негізінде, 27,7% жалпы орта білім негізінде, 6,4% ТжКБ базасында білім алады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша 14 760  мың адам оқиды, бұл оқушылардың жалпы санының 68,8% құрайды, ақылы білім беру қызметтерін 6 692 мың адам немесе білім алушылардың 31,2% алады.

Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 1 679 оқытушы және 155 өндірістік оқыту шебері жұмыс істейді, әйелдердің үлес салмағы тиісінше 70,1% және 39,4% құрайды.

 

Әдіснамалық түсініктемелер

Статистикалық бюллетеньге ведомстволық тиесілі және барлық меншік нысандарының техникалық және кәсіптік білім беру ұйымның материалдық-техникалық қоры, контингенті, желіс және оқытушылар құрамы туралы деректер қосылған.

Колледждер – жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын жүзеге асыратын оқу орындары.

Оқу орындарына қабылдау – қабылдаудың бекітілген ережелеріне сәйкес осы оқу орынға оқуға қабылданған тұлғалар саны. Қабылданғандар санына оқуға қайта қабылданған тұлғалар қосылмайды.

Оқу орындарын бітірушілер – оқу орнында оқу курсын толығымен бітірген және сәйкес білімін (мамандығын) алған тұлғалар саны.

Барлық деректер білім алу нысаны, оқу орнының меншік нысаны, сондай-ақ оқу үдерісінің қаржыландыру көздері бойынша топтастырылған.

 

www.stat.gov.kz / Официальная статистика / По отраслям / Демографическая статистика

 

Орындаушы әлеуметтік және демография статистикасы

бөлім басшысы:

С.А. Кондратьева

Тел. +7 7222 36-25-49

Адрес:

180000, Cемей қаласы

Мәңгілік ел көшесі, 25

 

 

© Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/911989


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version