Ғылым және жоғары білім вице-министрі Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесті
Кеше Құлан агротехникалық жоғары колледжінің ғимаратында ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Талғат Ешенқұловтың Жамбыл облысының тұрғындарымен кездесуі өтті.
Жиынға облыс әкімінің орынбасары Серік Сәлемов, аудан әкімі Ернар Есіркепов пен зиялы қауым және түрлі қоғамдық қауымдастық өкілдері, жергілікті тұрғындар қатысты.
Кездесуде Талғат Ешенқұлов ғылымға қаржы бөлу, оқытудың жаңа бағдарламалары және ғылыми әзірлемелерді іс жүзінде қолдануға баса назар аудару жөнінде атқарылып жатқан жұмыстармен халықты хабардар етті.
Оның сөзінше, кадр даярлауға мемлекеттік тапсырыс көлемі жыл санап артып келеді. 2024-2025 оқу жылына 94,2 мыңнан астам грант бөлінген. Оның ішінде 78,2 мыңнан астамы бакалавриатқа, 13,1 мыңы магистратураға және 2,9 мыңы докторантураға берілген.
Сонымен қатар, жаңадан құрылған және халық тығыз қоныстанған облыстардың, батыс өңірлердің жастарына жыл сайын 5 мың нысаналы білім беру гранты бөлінбек.
Талғат Ешенқұлов 2024-2025 оқу жылында ішінара оқу ақысы бар сараланған гранттар бөлу бойынша пилоттық жоба іске асырылып жатқанын айтты . Сондай-ақ «Келешек» бірыңғай ерікті жинақтау жүйесін енгізу туралы» Заң жобасы ҚР Парламенті Сенатының екінші оқылымында мақұлданған. Ендігі ҚР Президентіне қол қоюға жіберілмек.
Министрліктің атқарған жұмысын жергілікті жұртқа кеңінен баяндаған шенеунік ынтымақтастықты дамыту және оқытудың инновациялық технологияларын қолдану мақсатында Coursera, Huawei Technologies Kazakhstan, Binance Kazakhstan сияқты ірі компаниялармен келіссөздер жүргізіліп, меморандумдарға қол қойылғанын да айтты. Нәтижесінде Huawei сертификатталған курстарын ұсыну үшін 40 ЖОО базасында Huawei ICT Academy құрылған.
Жиын соңында Ғылым және жоғары білім вице-министрі тұрғындарды жеке мәселелерімен қабылдады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sci/press/news/details/912460


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version