Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Су ресурстары және ирригация министрлігі 2030 жылға дейін су шаруашылығы құрылыстарын қалпына келтірудің Кешенді жоспарын әзірледі. Жоспарда 42 жаңа су қоймасын салу, қолданыстағы 37 су қоймасы мен 14 мың шақырымнан астам ирригациялық жүйені қайта жаңарту қарастырылған.
Министрлік осылайша, тасымалдау кезіндегі су шығынын 50%-дан 25%-ға дейін азайту арқылы 2030 жылға қарай суармалы жерлердің аумағын 2,5 млн. гектарға дейін ұлғайтуды жоспарланып отыр. Сондай-ақ, экономика салаларын тұрақты сумен қамтамасыз ету үшін гидротехникалық құрылыстардың жай-күйін жақсартуға, төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайтуға ниетті.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/911544
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау