Ақсуатта жарық шамдары ауыстырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көшелерді жарықтандыру жұмысы жүргізілуде. Атап айтқанда, ескіріп, істен шыққан жарық шамдар электр энергиясын үнемдейтін жарықдиотты шамдарға ауыстырылып жатыр.
Аудан әкімі Ерсін Ескендіровтің тапсырмасына орай Omarket.kz платформасы арқылы Қарағанды қаласынан 200 дана GEMERO-50 жарықшамдары сатып алынды. Ақсуат ауылындағы Бөрітастаған, Жаңаауыл, Ет комбинаты мөлтек аудандарындағы көшелерде ауыстырылды.
Тұрғындарға кешкі мезгілде қолайлы жағдай жасау үшін көшелерді жарықтандыру аудан көлемінде қолға алынуда. Алдағы уақытта ауданға қарасты елді-мекендерде жанып кеткен диодты жарықшамдарды ауыстыру жұмысы жалғаспақ.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/913652


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version