Қарағандылықтарды жаңа жылдық концерттерге шақырады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қаңтар айында қарағандылық музыка жанкүйерлеріне үш жаңа жылдық концерт ұсынылады.
11 қаңтарда “Шалқыма” концерт залында “Жаңа жылдық әуеннің сиқыры” бағдарламасымен Тәттімбет атындағы қазақ халық аспаптарының академиялық оркестрі өнер көрсетеді. Сахнадағы музыканттармен бірге “Кең дала” хоры өнер көрсетеді.
Басталуы 16:00.
12 қаңтарда пианистер Елена мен Данил Дякиндердің қатысуымен “Рождестволық қиялдар” концерті өтеді. Бағдарламада Франц Шуберт, Фридерик Шопен, Александр Скрябин және Сергей Рахманиновтың шығармалары орындалады.
“Шалқыма” концерт залы, Басталуы 16:00.
18 қаңтарда Қарағанды Джаз оркестрі музыкалық кешке шақырады. Ән композицияларын солистер Айдана Тұңғышбаев, Кристина Ракша және Ксения Николаева орындайды. Оркестрмен бір сахнада скрипкашы Людмила Пропищан мен домбырашы Дамир Темірғали өнер көрсетеді.
Қарағанды циркі, басталуы 17:00.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/913078


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version