Сарысу ауданында 120 отбасы қоныс тойын тойлады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сарысу ауданы Жаңатас қаласында 80 және 40 пәтерлі екі тұрғын үй қайта жаңғыртылып, пайдалануға берілді.
Жаңа жыл қарсаңында аудан әкімі Сәкен Мамытов тұрғындарға пәтер кілттерін салтанатты түрде табыстады.
– Біз тұрғындардың қуанышына әрдайым ортақпыз! Бүгінгі жаңа қоныстарыңыз құтты болсын! Әр шаңыраққа құт-береке, ырыс пен ынтымақ дарысын! – деді аудан әкімі.
Айта кетейік, баспанаға әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы отбасылар, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар ие болды.
– Жаңа жылды 3 бөлмелі пәтерде қарсы алу бақыт бұйырды. Арманымызды ақиқатқа айналдырған Мемлекет және облыс басшылығына алғыс білдіреміз! – дейді 5 баланың анасы Әсем Айдарбекова.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/912563


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version