Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің аумағында Ұйымдасқан қылмысқа және өзге де қауіпті қылмыс түрлеріне қарсы күресті үйлестіру бюросы жыл сайынғы медиаконкурс өткізеді.
Конкурс Халықаралық полиция ынтымақтастығының ақпараттық және әлеуметтік-мәдени кеңістігін кеңейту, Достастық елдерінің ішкі істер органдарының мемлекеттік және қоғамдық құрылымдармен, ТМД органдарымен, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылын жандандыру, жеке құрамды мәдени – эстетикалық және рухани-адамгершілік тәрбиелеу, құқық қорғау қызметін танымал ету, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ішкі істер органдары қызметкерлерінің оң имиджін қалыптастыру мақсатында өткізіледі.
Конкурсқа ішкі істер органдарының (полицияның) қызметкерлері, ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің ІІМ қызметкерлері мен қызметшілері (азаматтық қызметкерлер), сондай-ақ 18 жастан асқан, қатысуға ниет білдірген өзге де адамдар қатысады.
Конкурсқа қатысу үшін конкурс номинацияларының тақырыптарына сәйкес фото және бейне жұмыстар қабылданады.
Конкурсты өткізу шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді ҰЙЫМДАСҚАН ҚЫЛМЫСҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІ ҮЙЛЕСТІРУ БЮРОСЫНЫҢ ресми сайтынан білуге болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/qriim/press/news/details/914703
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау