Астанада соғыс ардагері Раиса Сафоничеваны соңғы сапарға шығарып салды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Елорда әкімдігінің «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері ғасыр жасаған Раиса Егоровна Сафоничева өмірден озды.
Аза тұту жиынына Қорғаныс министрлігінің, қалалық мәслихаттың, ардагерлер ұйымдарының, «Шарапат» әлеуметтік мекемесінің өкілдері және марқұмның шөбересі Виталий Смирнов қатысты.
Келгендер Раиса Егоровнаны бір минут үнсіздікпен еске алды. Мәслихат депутаты Асқар Смағұлов, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Илья Скуба, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сансызбай Есілов және «Қарулы Күштердің ардагерлері» РҚБ Астана филиалының төрағасы авиация генерал-майоры Алсай Жұманов естеліктерін айтты.
Естеріңізге сала кетсек, Раиса Сафоничева 1943 жылы Минскіде қысқа мерзімді байланыс курсын аяқтағаннан кейін 2-ші Украина майданына барды. Жауынгерлік жолы Киевтен Будапештке дейін жалғасты, сол жерде Жеңіс күнін қарсы алды.
Раиса Егоровна Сафоничеваның жауынгерлік еңбегі «II дәрежелі Отан соғысы» орденімен, «Украинаны азат еткені үшін», «Германияны жеңгені үшін» медальдарымен және басқа да наградалармен атап өтілді. Өткен жылы өскелең ұрпақты әскери-патриоттық тәрбиелеу ісіне қосқан үлесі үшін ол ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.
Раиса Егоровнаға Қорғаныс министрлігінің, Қарулы Күштер Ұлттық әскери-патриоттық орталығының әскери қызметшілері мен «Жас сарбаз» балалар-жасөспірімдер қозғалысының тәрбиеленушілері үнемі келіп тұратын.
Онымен қоштасу рәсімі әскери рәсімдерді сақтай отырып, құрмет қарауыл ротасының сүйемелдеуімен өтті.
Жеңіс күні Раиса Егоровна үшін басты мереке еді. Өкінішке орай, соғыс ардагері мерейтой күніне жетпеді, дегенмен ол өзін білетіндердің жадында сақталары анық.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/914853


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version