ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН АРАСЫН БАЙЛАНЫСТЫРАТЫН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ЖІБЕК ЖОЛЫ» ТУРИСТІК ПОЙЫЗЫ АЛҒАШ РЕТ ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНА КЕЛДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылдың 2-6 қаңтары аралығында ұйымдастырылған «Jibek Joly» туристік пойызының халықаралық сапары «Алматы-Түркістан-Ташкент-Самарқанд-Шымкент-Алматы» бағыты бойынша жалғасуда.

Аталған пойыз алғаш рет Шымкент қаласында аялдап, келуші туристер қаламыздың тарихи жəне мəдени мұраларына ерекше саяхат жасады. Қаланың көрнекті жерлерімен танысу барысында қонақтар қазақ халқының қонақжайлылығы мен ұлттық болмысының терең сырларын сезінді.
Атап айтқанда, туристер «Bal Tekstil» фабриканың жоғары сапалы кілем өндірісін өз көздерімен көріп, қолөнер шеберлерінің туындыларымен танысты.

Бейсбековтер отбасының галереясында туристер ерекше өнер туындыларын тамашалап, отбасылық дəстүрге құрылған шығармашылық шеберханадан əсер алды.
Сондай-ақ, туристер ежелгі Шымкент цитаделіне барып, цитадельдің археологиялық жəдігерлерімен танысып, өз қолдарымен ұлттық бұйымдар жасап көрді. Сапар барысында туристер Қазақстандағы ең ірі мешіттердің бірі саналатын Сейітжан қари Есжанұлы мешітін тамашалауға мүкіндік алды.

Тур барысында туристер «Жеті тандыр», «Кəусар» мейрамханаларында қазақтың ұлттық тағамдарының дəмін сезініп, құрт, қазы-қарта, бауырсақ сияқты дəстүрлі тағамдар мен ұлттық сусындарға таңданысын жасырмады.
Шымкентке жасалған бұл сапар қонақтарға Ұлы Жібек жолының ерекше атмосферасын сезінуге жəне қазақ мəдениетінің тереңіне үңілуге мүмкіндік берді. Алдағы уақытта бұл маршрут Орталық Азияның туристік əлеуетін арттыруда маңызды рөл атқаратынына сенімдіміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/915871


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version