2024 жылы бруцеллез бойынша қолайсыз пункттерді тіркеу 30% – ға төмендеді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ІҚМ бруцеллезбен сырқаттанушылық тұрақты түрде төмендейді.
Соңғы үш жылда инфекция 0,08% – дан аспайды.
Сондай-ақ, 2024 жылдың қорытындысы бойынша ел аумағында бруцеллез бойынша қолайсыз пункттерді тіркеудің 2023 жылмен салыстырғанда 30% – ға төмендеуі байқалады.
Бұл туралы ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінде хабарлады.
Атап айтқанда, 2024 жылға арналған Серологиялық зерттеулер жоспарына сәйкес “ИНСПЭК” ЖШС-де 2000-нан астам ІҚМ басы зерттелді, олардың 53-і оң жауап берді.
Шаруашылық мәртебесін анықтау мақсатында қосымша диагностикалық зерттеулер жүргізілді, оның нәтижелері бойынша бруцеллезбен ауырған 95 бас ІҚМ анықталды.
Ветеринариялық-санитариялық қағидаларға сәйкес барлық жануарлар санитариялық союға тапсырылды.
Шаруашылықта 13 200 шаршы метр аумақта дезинфекция жүргізілді.
10 қаңтарда шаруашылықта шектеу шаралары енгізілді. ҚР АШМ КВКН “Республикалық эпизоотияға қарсы жасақ” РММ күштерімен сауықтыру іс-шаралары жүргізілуде.

Жағдай ветеринарлық қызметтің бақылауында.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/917041


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version