«Ерекше бақ»: Теміртау тарихи-өлкетану музейі Юрий Варыгиннің көрмесінің ашылуына шақырады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Қарағанды» фотоклубы биыл алғашқы көрме ұйымдастырды. Онда әйгілі қарағандылық фотошебер Юрий Варыгиннің абстракционизм және субреализм стиліндегі жұмыстары ұсынылады. Ашылу салтанаты 16 қаңтарда сағат 16:00-де Теміртау тарихи-өлкетану мұражайында өтеді. Кіру тегін.

Авторлық фотокөрме «Ерекше бақ» деп аталды.

“Қалайша ойлау және талдау, армандау, қиялдау, шығармашылықпен айналысу арқылы адамдармен қарым-қатынас жасау қабілетін жоғалтпауға болады? Біздің керемет планетамызды қалай сақтап қалуға болады? Бұл мәселелердің барлығы көпшілікті алаңдатады. Олар фотокөрменің авторы Юрий Варыгинді де толғандырып отыр”, – делінген аннотацияда.

Экспозиция 5 ақпанға дейін жалғасады.

Теміртау тарихи-өлкетану мұражайы келесі мекен-жайда орналасқан: Металлургтер даңғылы, 28/4.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/918304


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version