Алматыда «Өмір сүру, сену, сүю» атты халықаралық көрме ашылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде «Таң Шолпан» халықаралық тәуелсіз әйел суретшілер қорының 25 жылдығына орай «Өмір сүру, сену, сүю…» атты көрме ашылды.
Көрмеде Қазақстан, Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Грузия, Австрия, Германия, Канада және АҚШ суретшілерінің 100-ден астам туындылары ұсынылған.
Халықаралық жоба жоғары көркемдік білімі бар, кескіндеме, графика, сәндік-қолданбалы өнер, мүсін секілді түрлі өнерде шығармашылықпен айналысатын 70-тен астам кәсіби суретшілерді біріктірді.
«Таң Шолпан» қоры Қазақстанда жалпы өнерді ілгерілетуді мақсат етіп қойған әйел суретшілерді жинаған жалғыз компания. Олардың өмір философиясы – өнерге, шығармашылыққа деген сүйіспеншілік. Бұл олардың бірегейлігін көрсетуге мүмкіндік береді.
Экспозиция 9 ақпанға дейін жалғасады.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/920016


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version