«Шағала» және «Достық» бассейндері келесі аптада ашылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Екі спорт нысаны күрделі жөндеуден өтті. Облыс әкімі Асхат Шахаров аталған нысандарға барып, жөндеу жұмыстарыныңбарысын тексерді.
«Шағала» бассейніне күрделі жөндеу жүргізген «ГрадСтройСервис» ЖШС-мен қазір сот талқылауларыжүріп жатыр. Бірақ осыған қарамастан, комиссияның шешімімен біз бұл мекемені ашамыз. «Достық» спорт кешені де жөндеуден өтті. 1 ақпанға дейін мердігер жұмыстыаяқтайды. Алдағы аптада балалар өз сабақтарынжалғастыра алатындай екі бассейн ашылады», – деп түсіндірді облыс әкімі.
«Достық» спорт кешеніне күрделі жөндеуді «Альтаир-СК 7» ЖШС жүргізді. Жұмыс құны – 388,12 млн теңге. Ал «Шағала» бассейнін жөндеуге 287,05 млн теңге жұмсалды.
«ГрадСтройСервис» ЖШС жұмысты толық көлемдеорындамағандықтан, сотқа шағым түсірілді.
Айта кету керек, ғимараттар жөнделген кезде, үздіксіз оқу-жаттығу процесін қамтамасыз ету үшін жеке бассейндерді жалға алуға келісімшарттар жасалып, жас жүзушілер спортпен айналысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/924611


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version