Шет мемлекеттердің елшілері Қазақстан СІМ-де сенім грамоталарының көшірмелерін табыстады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана, 2025 жылғы 21 қаңтар – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Қазақстан Республикасындағы қоса атқарушы ретінде жаңадан тағайындалған Буркина-Фасоның елшісі Аристид Рапугдондба Людовик Тапсобадан, Лаостың елшісі Сипхандон Ойбуабуддиден, Жаңа Зеландияның елшісі Марк Трейнерден, Данияның елшісі Йеспер Варданнан, Словенияның елшісі Аленка Сухадолниктен сенім грамоталарының көшірмелерін қабылдады.
Сұхбат барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықты нығайтудың жағдайы мен перспективаларын талқылады.
Дипломаттар өзара қызығушылық тудыратын салаларда одан әрі өзара іс-қимылды жалғастыруға келісті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/922098


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version