2011-2024 жылдар аралығында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту бағдарламасын іске асыру нәтижесінде 2266 көппәтерлі тұрғын үй (КТҮ) қамтылды, оның ішінде 1188 үй шатырды, қасбеттерді, кіреберістерді қалпына келтіруді, сондай-ақ инженерлік желілер мен электрмен жабдықтауды жаңартуды қоса алғанда, күрделі жөндеуден өтті.
Сонымен қатар, 1078 үйде 2257 лифт ауыстырылды, бұл тұрғындар үшін жайлылық пен қауіпсіздікті едәуір арттырды. Бұл өзгерістер қала тұрғындарының өмір сүру сапасын едәуір жақсартуға ықпал етіп, оларды жайлы әрі қауіпсіз өмір сүру жағдайымен қамтамасыз етті.
Өткен жылы бағдарлама аясында 118 көппәтерлі тұрғын үйге күрделі жөндеу жүргізілді, сондай-ақ 54 үйде 100 бірлік лифт жабдығы ауыстырылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty/press/news/details/924915
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау