«Игі іспен бөліс» республикалық флешмобы басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрілігі Ұлттық волонтерлердің фронт-офисімен бірлесе отырып «Игі іспен бөліс» республикалық флешмобы басталғанын хабарлайды.
Бастама әлеуметтік желілерде мұқтаж жандарға өтеусіз көмек көрсету арқылы қайырымдылық және волонтерлік мәдениетті дамытуды көздейді.
Флешмоб азаматтар арасында мейірімділік, өзара көмек және әлеуметтік жауапкершілік идеяларын ілгерілетуге бағытталған.
Қатысушылар #ИгіІспенБөліс #ПоделисьДобром хэштегтерін қолдана отырып, әлеуметтік желілерде фотосуреттерін немесе видеоларын бөлісуі қажет.
Флешмоб шарттары жайлы толық ақпаратпен Qazvolunteer.kz сайтынан танысуға болады.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/928100


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version