Армия орталық спорт клубының сарбазы Азиада алтынын олжалады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Харбинде IX қысқы Азия ойындарында ерлер арасында өткен екі атыс шепті 10 шақырымдық спринт жарысы аяқталды.
Спринт жарысында армия биатлоншысы Владислав Киреев үздік нәтиже көрсетіп, жеңіске жетті. Дәл осы жарыста қазақстандық Вадим Куралес күміс еншіледі. Үшінші орын қытайлық Цан Гуге бұйырды.
Бұл сайыста спортшының әріптестері Қарулы Күштердің қызметшілері Әсет Дүйсенов пен Александр Мухин де жақсы нәтижемен үздік ондыққа кірді. Олар рейтингтің алтыншы және жетінші сатысын иеленді.
Естеріңізге сала кетсек, бұған дейін 10 шақырым қашықтықта еркін стильдегі жарыста армиялық шаңғышысы Олжас Климин қола жүлде алған болатын.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/935514


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version