Астаналық спортшы тасжолдағы велоспорттан Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Таиландтың Пхитсанулок қаласында тасжолдағы велоспорттан Азия чемпионаты өтіп жатыр. Астаналық спортшы турнирдің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Елордалық спортшы Дмитрий Груздев элиталық санаттағы уақыт бойынша жекелей жарыста сынға түсті.
Осыған дейін Дмитрий Груздев ұлттық құрама сапында «элита» санатындағы аралас эстафетада (42,8 км) алтын медаль жеңіп алған болатын.
Азия чемпионатына 27 елден велошабандоздар қатысуда. Байрақты бәсеке 16 ақпанда аяқталады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/936254


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version