77,5 км веложол: елордада велоспорт қалай дамып жатыр

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгінде елордадағы веложолдардың ұзындығы 77,5 шақырымды құрайды. Велосипед инфрақұрылымын дамыту 2018 жылы «Велосипед көлігін дамыту» жобасының бірінші кезеңін жүзеге асырумен басталды. Осы кезең аясында Орталық саябақтан басталып, Қарқаралы тас жолы бойындағы Жасыл белдеудегі қолданыстағы веложолға қосылатын 47 шақырымдық веложол салынды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Сонымен қатар, «Жасыл белдеу» аумағында ұзындығы 23 км веложолы бар жол желісі құрылды.
2020 жылы жаңа веложолдар салуды көздейтін «Велосипедтік көлік инфрақұрылымы» жобасы әзірленді. 2021 жылы бұл жоба аясында 7,5 шақырым веложол салынды. Олар Мұстафин көшесі, Абылай хан даңғылы, Құдайбердіұлы және Қошқарбаев көшелері, сондай-ақ жартылай Момышұлы даңғылының бойымен жүреді.
Экологиялық таза көлікті қалайтын қала тұрғындары үшін қолайлы жағдай жасап, велосипед инфрақұрылымын дамыту жалғасуда. Сонымен қатар, велосипедті дамыту қоршаған ортаны, ауа сапасын жақсартуға және жол кептелісін азайтуға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/937348


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version