8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай су шаруашылығы саласындағы кәсібилігі мен еңбегі ерекше бағалауға лайық әйелдерге құрметімізді білдіреміз

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шәмшиева Азия – су ресурстары саласында 37 жылдан астам жұмыс өтілі бар жоғары білікті маман.
1972 жылы орта мектепті бітіргеннен кейін Жамбыл гидромелиорациялық-құрылыс институтына түсіп, 1977 жылы инженер-гидротехник маман иесі атанды.
1977-2001 жылдар аралығында Тараздағы облыстық су шаруашылығы басқармасында суармалы жерлерді сумен жабдықтау жоспарларын жасау, су объектілерін паспорттау және облыстағы су ресурстарын есепке алу, сондай-ақ Шу, Талас және Аса өзендері арқылы Қазақстан мен Қырғызстан арасында суды бөлуді үйлестіру бойынша қызмет етті.
2001 жылдан бастап Азия Әділшеқызы Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Су ресурстары комитетіне шақырылып, онда халықаралық қатынастар, суды трансшекаралық және облысаралық бөлу департаментіндегі сарапшы мен бас сарапшыны қоса алғанда, негізгі лауазымдарды атқарды. Кейіннен Су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау басқармасының бас сарапшысы қызметінде еңбек жолын жалғастырды.
Азия Әділшеқызы ұзақ жылдар бойы су шаруашылығы саласында қажырлы еңбек етіп, өз ісіне деген адалдығы мен жоғары кәсібилігінің нәтижесінде көптеген марапаттар мен құрметке ие болды. Оның есімі саланың дамуына қосқан елеулі үлесімен ерекшеленеді.
Ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан үлесі үшін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің атынан екі рет алғыс хатпен марапатталды.
Сондай-ақ 2012 жылы Орталық Азияда (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан) су ресурстары мен табиғатты қорғау жөніндегі ынтымақтастықты нығайтуға қосқан елеулі үлесі үшін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің алғыс хатымен;
2012 жылы Президенттің жарлығымен «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» естелік медалімен;
2014 жылы тың жерлерді игерудің 60 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің төсбелгісімен;
2015 жылы Қазақстандық су шаруашылығы қауымдастығынан «Су шаруашылығы ардагері» медалімен;
2021 жылы Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Су шаруашылығы ардагері» медалімен;
2022 жылы көрнекті мемлекет қайраткері және академик Өмірбек Жолдасбековтың ғылыми мұрасын сақтау жөніндегі белсенді жұмысы үшін арнайы төсбелгімен;
2023 жылы Халықаралық Аралды құтқару қорының Атқарушы комитетінен ұйымның 30 жылдығына орай алғыс хатқа ие болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/953640


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version