ӘЙЕЛ-АНА – ЖЫЛЫЛЫҚ ПЕН ІЗГІЛІКТІҢ, БАҚЫТ ПЕН БЕРЕКЕНІҢ БАСТАУЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысының әкімі
Бейбіт Өксікбайұлы Исабаевтың
8 Наурыз – Халықаралық әйелдер
күнімен құттықтауы
Құрметті аналар, ардақты әпке-қарындастар,
аяулы арулар!
Көктемнің жаймашуақ мерекесі 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар!
Әйел – адамзаттың анасы, күллі тіршіліктің бастауы, шаңырақтың шамшырағы. Ол жас ұрпақтың бойына рухани-адамгершілік құндылықтарын, ізгілік қасиеттерін сіңіріп, олардың өнегелі, еңбекқор да елжанды болып өсуіне ерекше мән береді.
Елімізде ана мен балаға қамқорлық жасау, әйелдердің құқығы мен мүддесін қорғау – гендерлік саясаттың ажырамас бөлігі. Осы орайда нәзік жандардың шығармашылық тұрғыда өсуіне, ғылымда, спортта, бизнесте, саясатта қабілетін шыңдап, табысқа жетуіне мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып отыр.
Қоғамда белсенділік таныта жүріп, әйелдер өзінің нәзік те сұлу, дана да қамқор қалпын сақтап келеді. Сондықтан сіздер –әрдайым жылылық пен ізгіліктің, бақыт пен берекенің бастауысыздар. Осы орайда сіздердің елімізді дамытуға сіңірген елеулі еңбектеріңіз барлық құрметке лайық.
Сіздерге зор денсаулық, көтеріңкі көңіл, бастамаларыңызға табыс, отбасында қуаныш пен шаттық тілеймін.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-oblysy/press/news/details/953611


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version