Айдарбек Сапаров әйелдер қауымын 8 наурызбен құттықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Халықаралық әйелдер күніне орайластырылған салтанатты іс-шарада ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров әйелдердің еліміздің аграрлық секторын дамытуға қосқан үлесінің маңыздылығын атап өтіп, олардың еңбегін, адалдығын және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі баға жетпес рөлін атап өтті.

“Сіздің кәсібилігіңіз, шыдамдылығыңыз бен адалдығыңыздың арқасында біздің сала күшейіп, дами түсуде. Бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін сала өкілдері мемлекеттік наградалармен марапатталды”, – деп атап өтті министр.
“Құрмет” орденімен “Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты” ЖШС жетекші ғылыми қызметкері Светлана Алексеенко 36 жыл еңбек өтілімен, “Республикалық ветеринариялық зертхана” РМК Жамбыл облыстық филиалының Қордай аудандық ветеринариялық зертханасының ветеринариялық санитары Гүлжамал Карипқұлова 34 жыл еңбек өтілімен, “Орал ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы ” ЖШС аға зертханашысы Роза Мұқашева 50 жылеңбек өтілімімен марапатталды.
“Ерен еңбегі үшін” медалімен А. Бараев атындағы астық шаруашылығы ” ЖШС зертханасының аға ғылыми қызметкері Татьяна Коберницкая және “Республикалық агрохимиялық қызмет ғылыми-әдістемелік орталығы ” РММ зертханасының ғылыми қызметкері Людмила Лоншакова марапатталды.
Айдарбек Сапаров тәуелсіз Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға зор үлес қосқан ауыл шаруашылығы саласының ардагерлеріне ерекше алғысын білдірді.

Министрліктің, құрылымдық бөлімшелердің және ведомстволық бағынысты ұйымдардың үздік қызметкерлеріне лайықты наградалар, оның ішінде 17 ведомстволық наградалар, 18 құрмет грамоталары және 6 алғыс хаттар табыс етілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/moa/press/news/details/953529


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version