2025 жылдың 25 ақпаны мен 1 наурыз күндері аралығында Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Спорт комитеті – Орталық спорт клубының оқу-жаттықтыру орталығы базасында «Жас Сарбаз» Республикалық жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілері арасында IV Республикалық «Қалқан» қысқы спартакиадасы өтті.
Аталған жарысқа Ақмола облысының намысын қорғауға Щучинск қаласы жоғары педагогикалық колледжінің «Жас сарбаз» әскери патриоттық клубының тәрбиеленушілері: Тимур Базылов , Мария Жигулина және Щучинск қаласы № 2 жалпы білім беретін мектебінің «Жас ұлан» әскери-патриоттық клубының мүшесі Максим Гучинский қатысты.
Әскери-патриоттық қозғалысының қорытындысы бойынша ақмолалық жас сарбаздары командалық есепте жүлделі ІІІ- орынға ие болды.
Жетекшісі Щучинск қаласы жоғары педагогикалық колледжінің АӘТД пәнінің мұғалімі Карбай Усенов.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/950507

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау