Астана Опера театрында «Музыкалық қонақ бөлмесі» циклі жалғасын табады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

6 наурызда Күләш Байсейітова атындағы «Астана Опера» театрының Камералық залында «Жүректен шыққан музыка» коцерті өтеді. Бұл іс-шара «Музыкалық қонақ бөлмесі» циклінің жалғасы болмақ. Аталмыш жоба мазмұнды репертуарымен әрі жанға жайлы атмосферасымен тыңдарман жүрегінен орын алды.
Бұл кеште қазақстандық композиторлардың әндері, ретро-хиттер және әлемдік классикалық музыканың танымал туындылары шырқалады.
Сахнада опера труппасының солистері мен театр музыканттары, олардың арасында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері мен әртістері өнер көрсетеді. Жобаның авторы – Қазақстанның халық әртісі, профессор Хорлан Қалиламбекова.
Концерт Халықаралық әйелдер күні қарсаңында өтеді. Кеш көрерменге көктемгі көңіл күй сыйлап, ерекше әсер қалдырады.
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/950707


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version