Астанада мектеп оқушылары арасында «Рақмет, ана» челленджі басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көктем мерекесі, Аналар мерекесі қарсаңында астаналық оқушылар арасында «Рақмет, ана» челленджі басталды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, челленджге қатысу үшін оқушылар аналарымен бірге түскен суреттерін немесе шағын бейнебаяндарын әлеуметтік желіде жариялап, осылайша өмірдегі ең жақын адамдарына алғыстарын білдіреді. Бұл челлендж оқушылардың аналарға деген махаббатын, құрметін көрсетуге бағытталған.
«Бұл челлендждің мақсаты – аналарға деген зор алғысымызды білдіріп, олардың отбасындағы маңызды рөлін ерекше атап өту және ұрпағы үшін жасаған барлық жақсылығын бағалау. Бұл бастама оқушылардың өздерінің аналарын қадірлеуге, құрметтеуге шақырады. Сонымен қатар «Рақмет, ана» челленджі жастардың аналарға деген сүйіспеншілігін білдіруге тамаша мүмкіндік береді», – деді қосымша Астана қаласы Білім басқармасының білім беру және тәрбие жұмысы бөлімінің басшысы Гульфара Сарамбетова.
Айта кетейік, челленджге елордадағы танымал жастар мен балалар да қатысып, өз үлестерін қосуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/953019


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version