Германияның Хайдельберг қаласында пара дзюдодан халықаралық Әлем кубогы өтті. Дүбірлі додаға 16 елдің спортшылары қатысып, өзара мықтыны анықтады, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Қазақстандық парадзюдошылар да бұл жарыста жоғары деңгейде өнер көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғады.
Астана қаласының қос спортшысы Асылан Нұрдәулетов (70 кг) мен Ерғали Шамей (81 кг) J1 санатында қарсылас шақ келтірмей, алтын медаль жеңіп алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/950365

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау