Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары тағайындалды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Облыс әкімі аппараты басшысының бұйрығымен Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары лауазымына Ердос Әбдісаттаров тағайындалды,- деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жаңа басшыны ұжымға аппарат басшысы Нұрлыбек Жеңісбекұлы таныстырып, абыройлы қызмет тіледі.
Ердос Әбдісаттаров 1994 жылы дүниеге келген. 2015 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмәмдаған.
Еңбек өтілі:
10.2015 – 05. 2019 жылдар аралығында «Байқоңыр» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ҰҚ» АҚ индустриялық- инновациялық жобалар департаментінің ТКШ мәселесі бойынша консультанты, АӨК жобалар департаментінің
жетекші менеджері, инвестициялық бөлімнің бас менеджері, активтерді басқару бөлімінің бас менеджері, мемлекеттік бағдарламалармен жұмыс департаментінің бас менеджері қызметтерінде болды.
05.2019 жылдан тағайындалғанға дейін «Нур-Назар» ЖШС директоры лауазымын атқарды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau/press/news/details/951244


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version