БҚО әкімі Әйелдер қауымын мерекемен құттықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Мемлекет басшысының Жарлығына сәйкес мемлекеттік наградаларды табыстады.
«Құрмет» орденімен облыстық перинаталдық орталығының директоры Жанна Ділманова, облыстық дарынды балаларға арналған Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатының тарих, құқық және экономика пәндерінің мұғалімі Күләш Наурызғалиева және «Желаев нан өнімдері зауыты» акционерлік қоғамының басшысы Алмагүл Хамитова,
«III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен «Отделстрой» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі №1 құрылыс учаскесінің шебері Айнагүл Байгалиева марапатталды.
БҚО әкімі Нариман Төрегалиев әйелдердің өңірдің дамуына қосқан үлесіне және олардың белсенді азаматтық ұстанымына тоқталды. Облыс басшысы әйелдер тек экономика мен әлеуметтік дамуға ғана үлес қосып қоймай, сонымен қатар күшті әрі тұрақты қоғам құруда маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
«Әйелдер мен балаларды қолдау саясаты мемлекеттік деңгейде басым бағыттардың бірі болып табылады. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия белсенді жұмыс атқарып келеді. Облыстық деңгейде облыс әкімі жанындағы комиссия да өз жұмыстарын атқаруда. БҚО-да 70-тен аса белсенді жұмыс жасайтын үкіметтік емес ұйымдардың жетекшілері – әйел азаматшалар. Бұл әйелдердің құқықтарын қорғау мен мүмкіндіктерін кеңейту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын көрсетеді»– деді Нариман Төреғалиев.
Мереке қарсаңындағы шаралар облыстың барлық аудандарында жалғасын тапты.
БҚО әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/press/news/details/953510


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version