Елордалық жасөспірімдер шорт-тректен әлем чемпионатында тарихи жетістікке жетті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Астана спортшылары шорт-тректен жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында тарихи жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Канададағы Калгари қаласында жасөспірімдер арасында шорт-тректен әлем чемпионаты өз мәресіне жетті. Бұл додада Қазақстан құрамасы айтарлықтай жетістікке қол жеткізіп, ерлер арасындағы 3000 метрлік эстафетада және аралас командалық 2000 метрлік эстафетада тарихи қола жүлдені иеленді.
Айта кетерлігі, осы жетістікке Астана қаласының үш спортшысы –Дінмұхамедәлдияр Тәжібай, Нұрлан Қайырбеков және Богдан Вехов үлкен үлес қосты.
Осылайша, Астана қаласының спортшылары әлемдік деңгейдегі бәсекеде екі бірдей қола медаль жеңіп алып, ел намысын абыроймен қорғады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana/press/news/details/951415


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version