Халықаралық әйелдер күні қарсаңында біз медицинада, ғылыми және қоғамдық жұмыстарда үлкен биіктерге жеткен ең үздік әйел дәрігерлерімізді таныстырамыз.
Жәмила Ахтанқызы Қайболлаева – 25 жылдық тәжірибесі бар дәрігер-гастроэнтеролог, Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ Басқарма төрағасының ғылыми-клиникалық және инновациялық қызмет жөніндегі орынбасары қызметін атқарады.
Ақтөбе мемлекеттік медицина академиясын «емдеу ісі» мамандығы бойынша, Академия жанындағы интернатураны және Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ кардиология бойынша клиникалық ординатураны бітірген.
Әрі қарай, КІАҒЗИ аспирантурасын бітіргеннен кейін ол эндокринология бөлімінің аға ғылыми қызметкері, ассистент, содан кейін эндоскопия курсы бар гастроэнтерология кафедрасының доценті болды.
Жәмила Ахтанқызы – практикалық жұмысты ғылыми-зерттеу және білім беру жұмыстарымен, сондай-ақ ішек ауруларын зерттеу жөніндегі Қазақ ғылыми қоғамының президенті ретіндегі қоғамдық қызметпен шебер ұштастыратын осындай белсенді және жігерлі әйелдердің бірі. Оның қол астында жұмыс істейтін гастроэнтерологтар мен ғалымдар тобы әлемдік қоғамдастықта өз бағытымен танымал.
Әріптестерінің арасында Жәмила Ахтанқызы – ең кішіпейіл, ақылды және өте жанашыр адам. Ол жұмысқа деген жоғары қабілеттілігімен және жауапкершілігімен, жеке тартымдылығымен, шығармашылығымен, принциптілігімен және адамдарға көмектесуге дайын болуымен ерекшеленеді.
ҚР халық денсаулығын сақтау ісіне қосқан зор үлесі үшін доктор Қайболлаева «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен марапатталды.
Әріптестерімен бірге Жәмила Ахтанқызы консилиумдарға қатысады, қашықтықтан оқыту технологиялары арқылы еліміздің барлық өңірлерінен гастроэнтерологиялық бейіндегі ауыр пациенттерге консультация береді. Еліміздің түкпір-түкпірінен келген көптеген пациенттер оның қабылдауында болуға тырысады, күрделі жағдайларды емдеу кезіндегі білікті көмегі, мұқияттылығы, сауатты әдісі үшін оған жазбаша алғыстарын білдіреді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm/press/news/details/953214
Жауап қалдыру Жауапты болдырмау