Испандық сарапшылар еліміздің батысындағы жерасты суларын барлауға қатысады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов жерасты сулары мен пайдалы қазбалар кен орындарын барлау үшін карта жасаумен айналысатын испандық Excalibur Smart Mapping компаниясының өкілдерімен кездесті.
Тараптар биыл Қазақстанның батысындағы жерасты суы орындарын картаға түсіру және барлау үшін аэроэлектрмагниттік түсірілім жүргізуге ниетті. Министр шетелдік делегациямен жобаны іске асыруды және Испания үкіметінен грант тарту мүмкіндігін талқылады.
«Бүгінгі таңда екі жақтың сарапшылары бұл мәселені пысықтап жатыр. Жан-жақты аэроэлектромагниттік түсірілім жерасты суларының қоры мен олардың аумағын анықтауға мүмкіндік береді»,- деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/947146


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version