Кәсіби қамқоршы отбасылар Ақмола облысында жаңа нормаға айналуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Биылғы жылдан бастап Қазақстанда кәсіби қамқоршы отбасылар институты жұмыс істей бастады. Бұл жаңа форма жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды бірден қамқоршы отбасына балалар үйіне түспестен орналастыруға мүмкіндік береді. Осы заң жобасының бастауында ақмолалық патронат анасы, «Ана үйі» дағдарыс орталығының жетекшісі Құралай Жұмабекова тұрды. Енді ол өз пікірлес серіктестерімен бірге «Демеу Сенім» қамқоршы және дағдарысты отбасыларды қолдау орталығын іске қосуда, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Жаңа қызмет қамқоршы және дағдарысты отбасыларға кешенді қолдау көрсетуді, балаларды отбасына қайтарылуын сүйемелдеуді, олардың қауіпсіз әрі тұрақты тәрбиеленуіне жағдай жасауды мақсат етеді.
«Орасан зор еңбектің арқасында бүгін біз мақтанышпен және тебіреніспен Ақмола облысында ата-анасы бас тартқан балалардың жоқ екенін және барлық балалар үйлерінің жабылғанын айта аламыз. Біздің бастауыш партия ұйымымыз бала құқығын қорғау және отбасылық құндылықтарды нығайту бойынша шынайы құзыреттілік орталығына айналды. Біз баласынан бас тартуға ниет білдірген аналармен жұмыс жүргіземіз. Біздің тәжірибеміз көрсеткендей, дұрыс көзқарас арқылы 90% жағдайда баланы өз отбасында сақтап қалуға болады», – деді облыстық мәслихат депутаты Құралай Жұмабекова.
Қазіргі таңда жоба қатысушыларының басты міндеті – кәсіби қамқоршы ата-аналардың дұрыс көзқарасын қалыптастыру.
«Бүгін біз жай ғана жоба құрмаймыз – біз әр балаға отбасы жылылығын сезінуге мүмкіндік беретін болашақ жасаймыз. Біз Қазақстанда бірде-бір тастанды бала қалмайынша тоқтамаймыз! Бұл жай ғана әдемі сөздер емес – бұл біздің үлкен миссиямыз», – деп атап өтті Құралай Жұмабекова.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/944699


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version