Мүмкіндігі шектеулі қарағандылықтарды мүмкіндіктер жәрмеңкесіне шақырады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағандыда 4 наурыз күні сағат 15:00-де мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған жәрмеңке өтеді. Кездесуде үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік мекемелердің өкілдері кеңес береді.
Ұйымдастырушылар – Қарағанды қаласы әкімдігінің қолдауымен Ten Qogam мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік бейімдеу орталығы, Qamqor Plus қоғамдық бірлестігі.
Өткізу орны: Қарағанды қ., Тәттімбет көш., 709, 5 кеңсе.
Жәрмеңкеге Әлихан Бөкейхан мен Қазыбек би атындағы әкімдіктерінің өкілдері, қалалық сәулет және қала құрылысы, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы, тұрғын үй қатынастары, тұрғын үй инспекциясы, жер қатынастары, ішкі саясат, коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, білім беру, құрылыс, полиция басқармалары, сондай-ақ облыстық жұмыспен қамтуды үйлестiру және әлеуметтiк бағдарламалар, денсаулық сақтау, бiлiм беру басқармалары, Еңбек және әлеуметтiк қорғау комитетi, «Отбасы банк» департаментi қатысады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/949469


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version