Облыс әкімі азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысының әкімі Берік Уәли азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Оған қала, аудан әкімдері, тиісті басқарма басшылары қатысты.
Жеке қабылдау барысында тұрғындар тұрғын үймен қамту, көшелерді жарықтандыру, электр желісін тарту, мүмкіндігі шектеулі жандарға қызмет көрсететін ғимарат салу, мәдени нысандар санын көбейту мәселесін көтерді.
Семей қаласының тұрғыны Құсмілия Нұрқасым Үржар ауылында өлкетану музейін салу жоспарланып, жобаның тоқтап қалғанын жеткізіп, көмек көрсетуді өтінді. Аягөз ауданының тұрғыны Рауза Керімова Аягөз қаласында жеке қор есебінен мүмкіндігі шектеулі жандарға арнап салынып жатқан ғимарат құрылысын аяқтауға жәрдемдесуді сұрады. Семей қаласының тұрғыны шаһарда кезекте тұрған көп балалы аналарға бөлінетін пәтерлер санын көбейту туралы ұсынысын алға тартты.
Қабылдауға келген азаматтардың барлығына түсініктеме берілді. Облыс әкімі тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтар мен көтерген мәселелерді жеке бақылауында ұстайтынын айтты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay/press/news/details/948772


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version