Облыс әкімі былтырғы жылдың соңында баспаналы болған шалқарлықтарды қоныстойымен құттықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Мемлекеттік қолдау шараларының арқасында Шалқардағы 58 отбасы Жаңа жылды өз үйлерінде қарсы алып, қоныстойын тойлады.
Асхат Шахаров Шалқар ауданына сапары барысында жаңа үйлерді аралап, жаңа қоныс иелерінің өмір сүру жағдайларын біліп, тұрғындармен әңгімелесті. Әкім азаматтарды жайлы және қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың басымдықтарының бірі болып қала беретінін атап өтті.
Кезекте тұрған азаматтарды баспанамен қамту мемлекеттік бағдарламасы аясында Шалқарда 24 пәтерлік үш коммуналдық үй салынды. Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры мен бюджет қаражаты есебінен 17 екі пәтерлі үй (34 пәтер) сатып алынды. Барлығы 58 отбасы жаңа баспана кілтін алды.
@emergovkz / t.me / insta / fb / tiktok

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/943875


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version