Алматы – отандық және шетелдік қонақтар үшін ең танымал туристік бағыттардың бірі. Қала туристерді өзіне ерекше табиғатымен, мәдени мұрасымен баурайды. Алматы қаласы туристер арасында «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты, мәдени және тарихи ескерткіштерімен танымал.
Әсіресе, «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортына отандық және шетелдік туристерден сұраныс жылдан жылға артып келеді. Мұнда ең жиі келетін шетелдік қонақтар арасында Ресей, Қытай, Үндістан, Оңтүстік Корея және Таяу Шығыс елдерінің азаматтары көш бастап тұр.
Былтыр «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортына 1,5 миллион адам келген. Бұл Қазақстандағы курорттық және тау-шаңғы туризміне деген сұраныстың жоғары екенін көрсетеді. Келушілер саны жыл сайын 24%-ға өскен.
«Маған жергілікті тағамдар өте қатты ұнайды: ет, бауырсақ және елдеріңізде дайындалатын барлық тағам түрі. Мен Қазақстанды жақсы көремін», – дейді шетелдік туристің бірі.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/950753

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау