2025 жылғы 24 ақпан және 3 наурызда Өскемен қ. екі балабақшасының басшылығы мен қызметкерлеріне жергілікті атқарушы органдары, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті және полиция департаменттері өкілдерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2022 жылғы
30 наурыздағы №117 бұйрығымен бекітілген білім беру саласындағы қызметті жүзеге асыратын террористік тұрғыдан осал объектілерінің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулығы түсіндірілді.
Сонымен қатар, іс-шара барысында келесі ақпарат жеткізілді:
– Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 25 мамырдағы № 235 бұйрығымен бекітілген білім беру ұйымдарына әкелуге және олардың аумақтарында пайдалануға тыйым салынған заттар мен құралдардың тізбесі;
– Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысымен бекітілген террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
– Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының
2020 жылғы 27 қазандағы № 69-қе бұйрығымен бекітілген Ұлттық бейнемониторинг жүйесінің жұмыс істеу қағидалары;
– Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуының паспортын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 14 маусымдағы № 481 және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2023 жылғы 26 маусымдағы № 51/қе бірлескен бұйрығымен бекітілген үлгісіне сай өзектендіру;
– көрінеу жалған хабарлама үшін жазаның бұлтартпастығы;
– қолдан жасалған жарылғыш құрылғының белгілері және табылған жағдайдағы іс-әрекет алгоритмі;
– террористік сипаттағы қатерлердің салдарын азайту мен жоюды мақсатында кезекші қызметтерге хабарлау схемасы;
– терроризм актісін болғызбауға немесе жолын кесуге көмектескен ақпарат үшін сыйақы белгілеу және төлеу қағидалары;
– террористік тұрғыдан осал жекелеген объектілердің практикалық және теориялық сабақтар өткізу кезінде жіберген кемшіліктерінің мысалдары;
– объектіні инженерлік-техникалық жарақтандыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын терроризмге қарсы комиссиялармен келісу туралы.
Жиналысқа қатысушылар бірқатар өзекті сұрақтарға жауап алды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/950258

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау