Қазақстанда ұлттық көміртекті сертификаттау жүйесін қалыптастыру мәселесі талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 26 ақпанда Астана қаласында «6-бап шеңберінде ұлттық көміртекті сертификаттау жүйесін қалыптастыру» тақырыбында тренинг-семинар өтті. Іс-шараны «Жасыл Академия» ғылыми-білім беру орталығы Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп ұйымдастырды.
Семинарға мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың, сарапшылар қауымдастығы мен бизнес өкілдері қатысты. Қатысушылар көміртекті сертификаттаудың негізгі аспектілерін, оның ішінде шығарындыларды есепке алу әдістемесін, халықаралық стандарттар мен ұлттық талаптарды интеграциялау мәселелерін, сондай-ақ Қазақстанда көміртекті нарықты дамыту перспективаларын талқылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo/press/news/details/947102


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version