Қазақстанда жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларындағы жергілікті қамту үлесін 2025 жылы 62%-ға дейін ұлғайту жоспарланады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстанда жер қойнауын пайдалану саласында 345 келісімшарт қолданылады. 2024 жылы өткізілген аукциондардың қорытындысы бойынша геологиялық барлауға салынған инвестицияның жалпы көлемі $72,5 млн құрайтын 14 жер қойнауы учаскесі сатылды. 2024 жылы жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларындағы қазақстандық қамту үлесі 61,9% – ды (3,8 трлн теңге) құрады.

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев хабарлағандай, 2025 жылы жер қойнауын пайдаланушылардың сатып алуларындағы қазақстандық қамту үлесін 62% – ға дейін ұлғайту, сондай-ақ мұнай-газ саласындағы 10 жаңа өндірісті оқшаулау, кемінде екі электрондық аукцион өткізу және “Жер қойнауы туралы» кодекске түзетулер енгізу жоспарланып отыр.

Келісімшарттарды тексеру жалғасып жатыр: 2022 – 2024 жж. үшін 52 келісімшарт бұзылды, 14 млрд теңгеге бұзушылықтар туралы 141 хабарлама жіберілді, шамамен 11,3 млрд теңге өтелді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/946273


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version