Қорғаныс министрінің 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтау сөзі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қадірлі Қарулы Күштердің әскери қызметшілері мен азаматтық персоналы! Аяулы ханымдар!
Сіздерді көктемнің шуақты мейрамы, сұлулық мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мереке – отбасының, қоғамның және Отан алдындағы сіздердің күнделікті еңбектеріңізді, күш-жігерлеріңізді және сүйіспеншіліктеріңізді айшықтайтын күн. Бүгінгі таңда Мемлекет басшысының салиқалы саясатының арқасында әйелдер еліміздің ғылыми, мәдени, білім беру және экономикалық өміріне белсене атсалысып жүр. Табысты ғалым, Парламент депутаты, дәрігер, педагог, кәсіпкер әйелдер – барша қазақстандықтарға, өсіп келе жатқан жаңа буынға да жарқын үлгі. Өмірдің барлық салаларындағы әйелдердің жетістіктері олардың ерлермен теңдей еңбек етіп, сонымен бірге еліміздің дамуына едәуір үлес қосып жүргендерінің дәлелі. Саналы ғұмырын Отан қорғау жолына арнаған әйелдерге ерекше алғыс айтқым келеді. Сіздер антқа адал және ел қорғауға сенімді жауынгерсіздер, әскери қызметтің бар қиыншылықтарын ер азаматтармен бірдей алып жүрсіздер. Әскери саладағы мамандықтың алуан түрлілігі жұмысты тиімді атқаруға ықпал етеді. Әскери қызметтегі әйелдерді қолдау – әділеттілік қана емес, бізді қуатты әрі мықты болуға мүмкіндік беретін стратегиялық басымдық. Сіздердің батыл да адал еңбектеріңіз әрқашан жоғары бағаға лайық. Қазақстанның қорғаныс қабілетін нығайтудағы рөлдеріңіз жоғары. Қарулы Күштер қызметінің барлық салаларын қолдау міндеттерін толық табысты орындайтын азаматтық персонал әйелдерге де алғыс айтамын. Сіздердің еңбектеріңіз елеулі. Әскердің тыныс-тіршілігін, еліміздің ашық аспан астында бейбіт әрі тұрақты өмір сүруін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарасыздар. Қашанда жаныңнан табылатын, кез келген сынақта арқа сүйер азаматтарын қолдайтын, еш қиындыққа мойымайтын және отбасының ұйытқысы болып, берекесін кіргізетін әскери қызметші әйелдердің еңбегі айтылу керек. Сіздер жаңа буынды жігерлендіріп, үлгі-өнеге көрсетесіздер! Осындай көктемнің шуақты мерекесінде баршаңызға зор денсаулық, мол бақыт және отбасыларыңызға амандық тілеймін. Әрқашан көңілдеріңіз көктемдей жарқырап, өмірлеріңіз қуаныш пен шаттыққа толы болсын. Еліміздің қауіпсіздігі мен өркендеуіне қосқан ерен еңбектеріңіз үшін алғысым шексіз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/953603


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version