Қосшыда «ҚОСШЫ АРУЫ -2025» дәстүрлі IV қалалық сұлулық байқауы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жыл сайын көктемнің шуақты мерекесі қарсаңында өтетін байқаудың мақсаты қыз балаға тәрбие берер салт-дәстүрімізді жаңғырту, биязы қылық, өрелі өнер, инабаттылығын дәріптеу.
Қазылар алқасында «Қазақтың аналары – Дәстүрге жол» жобасының негізін қалаушы, актриса, продюсер – Айнұр Жүгінісова, Қосшы қаласы Аналар кеңесінің төрайымы, жеке кәсіпкер – Көкеева Әйгерім Асқатқызы, танымал жүргізуші Кеңес Айбек Талғатұлы, Қосшы қалалық мәслихатының депутаты Осипова Ирина Серікпайқызы, жеке кәсіпкер Қуандықова Сымбат Бопанқызы болып, төрелік етті.
Байқаудың іріктеу кезеңінде он бес арудан өтінім түскен. Іріктеуден өткен жетеуі бүгін финалда сайысқа түсті. Олар ұстаздар, медицина қызметкері, музыкант, жеке кәсіпкер арулар!
Сұлулығы, білімі мен біліктілігі, өнері мен тапқырлығы сынға түсіп қана қоймай, жүргем өріп ептіліктерін көрсетті.
Байқау нәтижесінде:
«Өнерлі ару»-Сайранова Гүлсезім;
«Зерделі ару»-Сағат Мәдина Рақымтайқызы;
«Көрікті ару»-Дәулетхан Айгерім Мұратқызы атанды.
ІІІ жүлделі орын-Абилхасова Ләззат Қарағұлқызы;
ІІ жүлделі орын-Санақбай Балжан Санақбайқызы;
І жүлделі орын-Бердіғалиева Әлима Серіқызы;
Бас жүлде-Құтмергенқызы Ақеркеде!
Бас жүлде иегерінің мамандығы-мейірбике!
Бас жүлдеге Дубайға жолдама берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/952859


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді

Exit mobile version