Бүгін Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатында инвестициялық ахуалды және елде бизнес жүргізу жағдайын жақсартуға арналған дөңгелек үстел отырысы өтті.
Іс-шараға Сенат депутаттары, бейінді министрліктердің басшылығы, сондай-ақ «Атамекен» ҰКП өкілдері қатысты.
Дөңгелек үстелдегі негізгі баяндаманың бірі Ұлттық экономика вице-министрі Арман Қасеновтың баяндамасы. Онда ол бизнес жүргізудің жағдайын жақсарту және инвестиция тарту бойынша бірқатар ұсыныс берді.
Қасенов Министрлік мемлекеттік қолдаудың қолданыстағы құралдарын оңтайландыру үшін жүйелі шаралар әзірлегенін атап өтті.
Бірінші кезекте, барлық қолдау шараларының тиімділігіне тұрақты талдау енгізу ұсынылды, бұл жеке кәсіпкерлік субъектілері үшін қолдау құралдарын жетілдіру бойынша ұсыныстарды уақтылы әзірлеуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, қаржылық қолдау шараларын ұсынудың орнына бизнестің қарсы міндеттемелерін енгізу ұсынылады, бұл бюджет қаражатын жұмсаудың тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді. Аналитикалық, оқу-әдістемелік және консультациялық қызметтер сияқты қаржылық емес қолдаудың тиімділігін арттыру да қолдау құралдарын жетілдірудің негізгі аспектілерінің біріне айналды.
Сондай-ақ, реформа шеңберінде цифрлық платформада мониторингті іске асыра отырып, қаржылық қолдаудың барлық құралы бойынша міндеттемелерді енгізу ұсынылып отыр. Бұл қолжетімділік пен ашықтықты қамтамасыз етеді. Аналитикалық, оқу-әдістемелік және консультациялық қызмет сияқты қаржылық емес қолдаудың тиімділігін арттыру да реформаның негізгі аспектілерінің бірі.
Сондай-ақ, Министрлік «Атамекен» ҰКП-ның басқаруымен қаржылық емес қолдаудың барлық шараларын шоғырландыруды жоспарлап отыр. Осылайша кәсіпкерлер қызметтердің барлық түрін Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары арқылы бір жерден ала алады.
Вице-министр, сондай-ақ, Мемлекеттік қолдау шараларының тізілімін құру туралы айтты. Оған 100-ден астам құрал кіреді.
Арман Қасенов елімізде инвестиция тарту жұмысы айтарлықтай өзгеріске ұшырағанын атап өтті. Министрлік өңірлермен бірлесіп мультипликативтік әсерді есептей отырып, оларды нақты уақыт режимінде іске асыруды мониторингілеу арқылы орта мерзімді кезеңге арналған инвестициялық жобалар пулын қалыптастырады.
Инвесторлар үшін шарттарды жақсарту үшін прокурорларға инвесторлардың қызметін шектейтін немесе тыйым салатын мемлекеттік органдардың шешімін бақылауға мүмкіндік беретін «прокурорлық сүзгі» енгізілді. Бұл тетік 2024 жылы бақылаушы органдар берген 675 материал қабылданбаған кезде сынақтан өткізілген болатын.
Сонымен қатар, Арман Қасенов Үкімет жанында инвесторлар үшін жағдайды жақсартуға қатысты мәселелерді жедел шешетін инвестициялық штаб жұмыс істеп жатқанын атап өтті.
Сондай-ақ бизнесті жауапты жүргізу қағидаттары шеңберінде сындарлы диалог пен бизнестің проблемаларын шешу үшін Ұлттық байланыс орталығы құрылып отыр.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/economy/press/news/details/952709

Жауап қалдыру Жауапты болдырмау